Жарияланды: 390

Жаңаөзен билігі Тәуелсіздік күні мерекелік шаралар өткізуден бас тартып отыр

Маңғыстау облысының Жаңазен қаласында Тәуелсіздік күні мерекелік шаралар өткізілмейді.

"Мереке қарсаңында, 13-желтоқсан күні салтанатты жиналыс өткіземіз, одан кейін ешқандай мерекелік шаралар болмайды", деді "Интерфакс-Қазақстанға" қала әкімшілігінен. Үш күн бұрын онда екі мешітте бір жыл бұрын тәртіпсіздіктер кезінде қаза болғандарға арнап ас берілді, зардап шеккен мен қаза болғандардың жанұяларына материалдық көмек көрсетілді. "Қаза болғандардың отбастарының есебіне бір миллион теңгеден аударылды, зардап шеккендердің жанұялары 500 мың теңгеден алады", деді әкімшіліктен. 2011 жылы 16-17 желтоқсан күндері Жаңаөзенде және Шетпеде жаппай тәртіпсіздіктер болған, онда 15 адам қаза болды, жүзден аса адам жарақат алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін