Жарияланды: 470

Жаңаөзен қалалық СЭС бастығының міндетін атқарушыға пара алды деген айып тағылды

Жаңаөзен қалалық СЭС бастығының міндетін атқарушыға пара алды деген айып тағылды

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық стансасы басқармасы бастығының міндетін атқарушыға пара алды деген айып тағылуда.

Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады. «У. есімді азаматша Т. есімді азаматшадан дүкенді салу үшін оң ұйғарымды беру үшін 4 қаңтар күні 20 000 теңге сомасында пара алды деп айыпталуда. Пара алу фактісі бойынша қаржы полициясы департаменті қылмыстық іс қозғады», деп мәлім етті Маңғыстау облысы бойынша Қаржы полициясының баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқатай. Аталмыш сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы толық ақпараттар және іс бойынша бейнематериалдар алдағы уақытта өтетін брифингте ұсынылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін