Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«У. есімді азаматша Т. есімді азаматшадан дүкенді салу үшін оң ұйғарымды беру үшін 4 қаңтар күні 20 000 теңге сомасында пара алды деп айыпталуда. Пара алу фактісі бойынша қаржы полициясы департаменті қылмыстық іс қозғады», деп мәлім етті Маңғыстау облысы бойынша Қаржы полициясының баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқатай.
Аталмыш сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы толық ақпараттар және іс бойынша бейнематериалдар алдағы уақытта өтетін брифингте ұсынылады.