Жаңаөзен қаласына әскери күштер енгізілуде деген ақпарат шындыққа жанаспайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңаөзен қаласына әскери күштер енгізілуде деген ақпарат шындыққа жанаспайды

Жаңаөзен қаласына әскери күштер енгізілуде деген ақпарат шындыққа жанаспайды

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында әскери күштер енгізілуде деген гу-гу әңгімелер әлеуметтік желілер айтылып та, жазылып та жатыр.

  • 27 Ақпан 2019
  • 39
Фото - Caravan.kz


Осы жағдайға байланысты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өз жауаптарын айтты деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"Әлеуметтік желілерде таралған Жаңаөзен қаласына әскери күштер енгізілуде деген ақпаратты Маңғыстау облысының әкімдігі шындыққа жанаспайтынын xабарлайды. Жаңаөзен қаласында жағдай бірқалыпты. Қалада жұмыссыздарды тіркеу мен бос жұмыс орындарын бөлу мақсатында бірнеше орындар ашылғандығын және тұрғындарды барынша жұмыспен қамту жұмыстары жүргізілуде", — деп жауап берді Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар