Жаңаөзен қаласында егіз жұптар үйленді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңаөзен қаласында егіз жұптар үйленді

Жаңаөзен қаласында егіз жұптар үйленді

Бір-бірімен бас қосқан екі егіз жұптың ерекше тойы Жаңаөзенде 22 қыркүйек күні өтті.

  • 24 Қыркүйек 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz

Егіз жігіттердің анасы Гүлбаршын Исаеваның айтуынша, отбасы Жаңаөзенге қарасты Қызылсай ауылында тұрады. Оның 26 жастағы ұлдары Жаулы мен Жары өмірлік серіктерін өздері сияқты ана құрсағынан бір мезетте туған егіздерден таңдап алыпты.

«18 жасқа келіп, бой жетіп отырған Жанар мен Шынарды көргенде менің ұлдарым оларды бірден ұнатып, жақын араласа бастады. Кейін кездесуге шақырып, ғашық болды. Күндердің күнінде үйге келіп өз алдына отау құрғалы жүргендерін жеткізді, болашақ келіндеріммен таныстырды», – дейді ене.

Осылайша тел қозыдай қатар өскен қос бауыр тату-тәтті абысынға айналды. Жаңа түскен келіндер әлі студент. Бірі – банк саласы бойынша білім алып жатса, екіншісі – дәрігер атанып, дертті жанға көмек қолын созуды мақсат тұтқан.

«Бажайлап қараса, қыздардың бір-бірінен айырмашылығы барын байқайсыз. Бірі – кекілді кербезім болса, екіншісі – ақмаңдайлы аруым. Мен өз перзенттерімді  ешқашанда шатастырып көрмеппін. Бала кезден әрқайсысының тек өзіне тән қылығы бар», – дейді Гүлбаршын.


Қуанышты хабарды естісімен әулетте тойға қызу дайындық жүрді.

«Екі той болды, алдымен қалыңдық тарапы, кейін күйеу жігіт жағы дүркіретіп тойлады. 400-ге жуық қонақ келді», – дейді егіз ұлдардың анасы.

 

Соңғы жаңалықтар