Жарияланды: 690

Жаңаөзен қаласында өрт салдарынан «Жөндеу» ЖШС-нің 3 қызметкері зардап шекті

Маңғыстау облысының Жаңөзен қаласында «ӨзенМұнайГаз» кен орнында ұңғыманы күрделі жөндеуден өткізу барысында өрт шықты.

Төтенше жағдай ПАП-50 автокөтергішінің газ шығаратын құбырының қызып кетуінен орын алды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен. Ведомствоның атап өтуінше, өрт кезінде «Жөндеу» ЖШС-нің үш қызметкерін күйік шалып, олар ауруханаға жеткізілген. Тілсіз жау 4 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалынды ауыздықтауға «Семсер» АҚ өрт сөндіру қызметінің 10 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін