Төтенше жағдай ПАП-50 автокөтергішінің газ шығаратын құбырының қызып кетуінен орын алды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, өрт кезінде «Жөндеу» ЖШС-нің үш қызметкерін күйік шалып, олар ауруханаға жеткізілген. Тілсіз жау 4 шаршы метр аумақты шарпыған.
Қызыл жалынды ауыздықтауға «Семсер» АҚ өрт сөндіру қызметінің 10 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.