Жаңаөзен тұрғындары мен мұнайшылар "Өзенмұнайгаз" және "Ембімұнайгаз" акционерлік қоғамдарының өзара бірігіп қайта құрылуына алаңдаушылық білдіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңаөзен тұрғындары мен мұнайшылар "Өзенмұнайгаз" және "Ембімұнайгаз" акционерлік қоғамдарының өзара бірігіп қайта құрылуына  алаңдаушылық білдіреді

Жаңаөзен тұрғындары мен мұнайшылар "Өзенмұнайгаз" және "Ембімұнайгаз" акционерлік қоғамдарының өзара бірігіп қайта құрылуына алаңдаушылық білдіреді

Жаңаөзен қалалық соғыс және еңбек ардагерлерінің ұйымы "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның президенті Ұзақбай Қарабалинға "Өзенмұнайгаз" және "Ембімұнайгаз" акционерлік қоғамдарының өзара бірігіп қайта құрылуына алаңдаушылық білдіріп хат жолдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Желтоқсан 2003
  • 1041
Фото - Caravan.kz

Бұл хатта Жаңаөзен тұрғындары : «»Өзенмұнайгаз» ААҚ мен «Ембімұнайгаз» ААҚ-ның өзара бірігуі жалпы Маңғыстау облысы тұрғындарына , соның ішінде Жаңаөзен тұрғындары мен мұнайшылар үшін қаншалықты зардап әкеледі»,- деген сауалға жауап беруді өтінеді.

Қалыптасқан ахуалға түсініктеме беру үшін Жаңаөзенге «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның вице-президенті Махамбет Батырбаев келді. Ол мұнайшылармен, «Өзенмұнайгаз» ААҚ аппаратының инженерлік-техникалық қызметкерлерімен, қала ардагерлерімен және БАҚ өкілдерімен жүздесті.
М.Батырбаевтың хабарлауынша, «ұлттық компания жұмысының басты стратегиялық бағдары табылған жаңа мұнай көзінен мұнай өндіру көлемін мейлінше ұлғайту, сондай-ақ, қойылған мақсатқа түрткі болатын өндірістерді дамыту болмақ». М.Батырбаевтың айтуынша, компания нақты, экономикалық негіздемелі әрі коллегия тарапынан бекіте отырып бағдарлама жобасын қабылдаған, оның барлық тәртіп-ережелері жоғарыда аталған компания мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады. Бірақ ол жергілікті тұрғындар мүддесіне мүлдем қайшы келмейді. Бағдарламада әлеуметтік дамудың барлық бағыт-бағдарлары нақты әрі жан-жақты ескеріліп, егжей-тегжейлі талқыланған ,- деді вице-президент. «Әлеуметтік мұқтаждықтарға арналған қаржы көлемі бір тиынға да кемімейді»,- деп мәлімдеді ол. «Мұнай өндіруші саланың инфрақұрылымының дамуы мен оған жанама басқа да өндіріс салаларының дамуы Жаңаөзен қаласының болашағына оңды әсерін тигізеді»,- деп қорытты өз сөзін М.Батырбаев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ Маңғыстау және Атырау облыстарындағы ірі мұнай кеніштерін игеруші екі салалық кәсіпорны «Өзенмұнайгаз» ААҚ мен «Ембімұнайгаз» ААҚ-ын өзара біріктіруді жоспарлап отыр. Бұл кәсіпорындарды өзара біріктіру — «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның басшылығы тарапынан бұған дейін де жарияланған компания активтерін реструктуризациялау шаралары аясында жүзеге асырылады. Шаралар алдағы екі жылда профильден тыс компанияларды сату және оларды қайтадан құру жолымен іске асады. «Өзенмұнайгаз» ААҚ мен «Ембімұнайгаз» ААҚ-ын өзара біріктіру процессі 2004-жылы қолға алынады.

Соңғы жаңалықтар