Жаңаөзенде ауруханада орын алған сұмдық жағдайды камераға түсірген - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңаөзенде ауруханада орын алған сұмдық жағдайды камераға түсірген

Жаңаөзенде ауруханада орын алған сұмдық жағдайды камераға түсірген

Жаңаөзенде балалар жұқпалы аурулар ауруханасында төрт жасар бала мен оның әпкесінің көзін күйдірген.

  • 29 Қыркүйек 2019
  • 274
Фото - Caravan.kz

Оқиға палатаны зарарсыздандыру салдарынан болған, медицуиналық қызметкерлер кварц шамдарын қосып, бөлемде адам бар-жоғын тексермеген, — деп хабарлайды inAktau.

Біршама уақыттан соң кварцталғаннан кейін бала мен туысы көздерінің қатты ісіп кеткенін және қышынғанына шағымданған. "Қараңыздар, көздерін мүлде аша алмайды. Осы медбикелер. Мұнда қар. Олар өздері қоспаған, санитарға айтқан, ол болса 45 минутқа бір-ақ қосқан", — дейді видеода отбасының туысы.

 Осы оқиғадан кейін, ауруханада басшысының қатысуымен жиналыс өткен.Жұқпалы аурулар бөлімінің жетекшісіне ескерту жасалды, Аға медбике сөгіс алды. Ал екі медбике өз еркімен жұмыстан шығып кеткен. Аурухана басшысының орынбасары осы жағдайды өз бақылауына алып, науқастармен кездескен", — деді облыстық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері. Қазіргі суақытта науқастар үйлеріне жіберілді, олар қажетті емдеу шараларын алып жатыр.