Жарияланды: 430

Жаңаөзенде көліктің астына түскен сегіз жастағы ұл бала қаза болды

Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласында жол апаты кезінде 8 жасар ұл бала қаза болды.

Мектеп оқушысы жолдан жүгіріп өтемін деген кезде дөңгелектің астына түсіп қалды, деп хабарлады бейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық жол полициясынан. "Оқиға кешкі жеті шамасында, қараңғы кезде болған. Жүргізуші баланы байқамай қалған болуы керек, ол жолға кенеттен жүгіріп шыққанға ұқсайды. Жүргізуші Ақтау тұрғыны, Жаңаөзенге шаруаларымен барған", деді агенттікпен әңгімелесуші. Полицияның дерегіне қарағанда, бала басынан ауыр жарақат алған, ол сол апат болған орында қаза болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін