Мүжілген адам аяғының көргенін айтып, полицияға тұрғынның бірі хабар түсірген. Оны ауласына иттер сүйреп әкеліпті. Кейін қала сыртынан шіріген бас сүйек те табылған. Марқұмның аты-жөнін толық анықталды. Ол-16 жастағы кешкі мектепте оқитын 11 сынып оқушысы екен. Отбасының жағдайы тым төмен. Өзі жезөкшелікпен айналысып келген. Бір қызығы, 20 күннен бері үйіне бармаса да ата-анасы оған іздеу салмапты. Қазір куәгерлердің көмегімен 2 бойжеткен мен 1 жігіт күдікті ретінде қолға түсіп отыр. Олар марқұмның жақын таныстары екен. Құрбыларын қала сыртына апарып, ұрып-соққандырын да мойындады. Оған бірінің ұялы телефонының жоғалуы себеп болыпты.