Жаңаөзенде Toyota Land Cruser аялдамада тұрған 3 адамды қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңаөзенде Toyota Land Cruser аялдамада тұрған 3 адамды қағып кетті

Жаңаөзенде Toyota Land Cruser аялдамада тұрған 3 адамды қағып кетті

 

  • 2 Қараша 2018
  • 22
Фото - Caravan.kz

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында жол талғамайтын көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кеткен.

Салдарынан 3 адам қаза тауып, 7 тұрғын зардап шекті.

Бұл туралы жергілікті lada.kz порталы хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 1-қараша күні Жаңаөзендегі «Мерей» шағын ауданында болған.

Тұрғындар аялдамада қызметтік автобусты күтіп тұрған. Сол сәтте адамдарға Toyota Land Cruser соғылған. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі өзге бағытта келе жатқан автомобильмен соқтығысып қалмаудың амалын іздеп, кейінірек көлік тізгініне ие бола алмай қалған.

Оқиға орнында екі ер адам қаза тауып, тағы бір адам ауыр жарақат салдарынан кейінірек көз жұмған. Сонымен қатар жол апатынан 7 адам зардап шекті. Олардың арасында бір әйел де бар.


«Жаңаөзендегі орталық ауруханаға шамамен сағат 07:40-та ауыр дене жарақаттарымен 7 азамат жеткізілді. Оның бесеуінің сүйектері сынған. Бір азамат амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Тағы бір тұрғын өте ауыр халде жатыр. Дәрігерлер оның өмірін аман сақтап қалу үшін күресуде», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат Сәрсенбаев

 

Соңғы жаңалықтар