От өткен жұмада тұтанған. Будақтаған қара түтін тіпті Жаңаөзеннен 100-150 шақырым жердегі ауылдардан да көрініп тұрды. Өртті сөндіруге 35 арнайы техника мен 150-ге тарта адам тартылған. Алайда әбден күш алған қызыл жалын өндірістік нысандар, магистральді құбырлар мен электр желілеріне қауіп төндірді. Сондықтан қосымша 1 тонна көбіктендіргіш пен 164 дана су беретін түтік жалғауға тура келген. 2 тәулік үздіксіз арпалыстан соң ғана тілсіз жау ауыздықталды. Қызыл жалын 10 мың шаршы метр аумақты жайпап кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Есесіне ауаға улы зат тарап кетті ме деген қауіп бар. Қазір экологтар сараптама жүргізіп жатыр. Ал, полиция тілсіз жаудың неден шыққанын және қалдықтардың сақталу қауіпсіздігіне жауаптыларды анықтауға кірісіп кетті.