Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға ҚР Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімінің Жаңаөзен жатақханасында орын алды, онда 19 жастағы жігіт өз бөлмесінде белдікке асылып қайтыс болған. Ол Ақтөбе облысынан келген. Келісім шарт бойынша сапер болып қызмет атқарған. Жігіт үйленбеген. Туыстарына трагедия туралы хабарланды.
"Қазір біз барлық жағдайларды анықтаумен айналысамыз. Бұл қайғылы оқиға", – деді Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа.