Жаңаөзенде жыл соңына дейін 5 әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі
Жаңаөзенде жыл соңына дейін 5 әлеуметтік нысан: 2 балабақша мен перзентхана, бюджеттік сала қызметкерлері үшін 200 пәтерлі екі үй пайдалануға берілетін болады. |
Жаңаөзен қаласыні дамытудың кешенді жоспары аясында алынған қаражатқа Теңге және Қызылсай ауылдарында 2 дәрігерлік амбулатория салынды. Сондай-ақ бұнда 2 Мәдениет үй салынуда. Сондай-ақ биыл жылу жүйелері мен шағын ЖЭС-қа көшірілудің қарастырылуымен орталық қазандықты қайта жөндеу бойынша ірі жоба жүзеге асырылып, аяқталу үстінде.
Қомақты қаржылар көлік жолдарын қайта қалпына келтіру мен жөндеу жұмыстарына бөлінді. Оған қоса Жаңаөзен қаласының Теңге және Мерей шағынаударында орта білім беретін 2 мектептің құрылысы басталды. Сонымен қатар емхана мен терапевтикалық корпусты салу жұмыстары атқарылуда, деп ақпараттандырды Маңғыстау облысы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Шолпан Ілмұханбетова.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін