Жаңаөзендегі оқиға: жасөспірім даяшылардың өліміне қатысты тың дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңаөзендегі оқиға: жасөспірім даяшылардың өліміне қатысты тың дерек шықты

Жаңаөзендегі оқиға: жасөспірім даяшылардың өліміне қатысты тың дерек шықты

Таныстардың айтуынша, көз жұмған жасөспірімдер мейрамханада түнеуге қалған. Себебі ертеңінде олар банкетте жұмыс істеуі тиіс болатын, деп хабарлайды жергілікті инАктау басылымы.

  • 29 Қараша 2019
  • 87
Фото - Caravan.kz

"Жігіттер уақытты әрі күшін үнемдеу үшін үйге бармай, мейрамханада түнеуді жөн көріпті. Ал мекемедегі ең жылы жер пеш жағатын бөлме болғандықтан олар сонда ұйықтапты", — дейді тұрғындар.

Таңертең пеш жағатын бөлменің еденінде жатқан кәмелетке толмаған балаларды достары тауып алған екен.

Жаңаөзеннің тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметінше, тірі қалған бір даяшы қалалық аурухана бөлімшесіне ауыстырылды. Оның халі тұрақты.

"Жасөспірім есін жиды, тамақтана алады, дәрігерлердің сұрақтарына да жауап бере алады. Аурухана мамандары оған "Ауыр деңгейдегі иісті газдың улы әсері. Улы энцефалопатия" диагнозын қойды. Зардап шеккен жігіттің анасы жедел жәрдем ұлын ауруханаға ес-түссіз, аса ауыр халде әкелді дейді", — деп хабарлады басқарма.

Еске салсақ, алдын ала мәлімет бойынша мейрамханада даяшы болып жұмыс істеген кәмелетке толмаған үш бала 24 қараша күні иіс тиіп, уланып қалды. Екі зардап шеккен даяшы қаза тапты, біреуі ауруханаға жеткізілді. Полиция "Еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар