Қазір қондырғы штаттық режімде жжұмыс істеп жатыр. Тексерумен Жаңаөзен қалалық төтенше жағдайлар бөлімі айналысуда.
Бұл туралы журналистерге бүгін Ақтауда облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жауап алу бөлімінің басшысы Татьяна Доронина мәлімдеді.
Бұрын хабарланғандай, «Өзенмұнайгаз» қондырғысында жексенбі күні өрт шығып, 22 шаршы метр жерге жайылды. Соның салдарынан 51 жастағы машинист денесін күйік шалып, ауруханаға түсті.