Жарияланды: 360

Жаңаөзеннің бұрынғы әкімінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады

Ақтөбедегі облыстық сот Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмай тастады. Оны бұған дейін алқа билер 10 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Дәмеш Әбдәлі, Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы:

- Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 25 қыркүйек 2012 жылғы Орақ Сарбөпеевке алқа билердің қатысуымен қабылданған үкімі өзгеріссіз қалдырылсын.

Экс-әкімге жергілікті кәсіпкерге қысым көрсетіп, 6 жарым млн теңге талап етті деген айып тағылды.Бүгінгі апелляциялық процесске шенеуніктің адвокаттарының біреуі де келмеді. Қолдары тимепті. Ал Сарбөпеевтің туыстарынан тек қарындасы ғана қатысты. Сот алқасына апелляциялық шағымда келтірілген дәлелдер сенімсіз боп көрініп, үкім сол күйі қалған. Енді Орақ Сарбөпеев 10 жылын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізетін болады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін