Жаңақалада ақын З.Сисенғалидың жыр кеші болды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңақалада ақын З.Сисенғалидың жыр кеші болды

Жаңақалада ақын З.Сисенғалидың жыр кеші болды

Жаңақала ауданында ақын Закария Сисенғалидың 55 жасқа толуына орай «Қызметім - халықтың, өлеңім - жанымның әлемі» атты жыр кеші болды.

  • 25 Шiлде 2012
  • 807
Фото - Caravan.kz

Осы өңірде туып-өскен З.Сисенғалиға аудандық «Жаңарған өңір» газеті алтын бесігі, өмір мектебі болды. Ол аудандық газетте 16 жыл жұмыс жасап, журналистиканың қыр-сырына қанығып, редакторлыққа дейін көтерілген еді. Содан кейін он бір жыл бойы аудан әкімінің орынбасары, қазір аудандық мәслихат хатшысы қызметін атқарып жүрсе де, қаламын қолынан тастамаған ақын-журналист жаңа дүниелерімен көрініп келеді.

Кеште аудан әкімі Лавр Хайретдинов ақынға ізгі тілегін білдіріп, шапан жауып, ат мінгізді.
Елу беске ер салған мерейтой иесін әріптестері, мекеме басшылары, достары, ауыл ақсақалдары құттықтап, «Жаңарған өңірі» газетінің редакторы Өмірзақ Ақбасов, ардагер Нәсіпқали Мақанов ел алдында арнау өлеңдерін оқыды.

Шара барысында әншілер ақынның сөзіне жазылған «Мәстексайым — мекенжайым», «Анама», «Іңкәрім», «Ақ Жайық — ару мекенім», «Жаңақала — гүл қала» және тағы басқа әндерді орындап берді. «Жаңақала әуені» фольклорлық ансамблі, «Айзере» әжелер клубы, ақынның «Жас қалам» жас ақындар клубы мүшелері, мәдени-демалыс орталығының домбырашылары және басқа да қызметкерлері өз өнерлерін көрсетіп, үлестерін қосты.

Кеш соңында ақын халқына ризашылығын білдіріп, еліне, анасына, жарына, достарына арнаған және сиясы кеппеген бірнеше өлеңдерін оқып берді.

Перейти к новостям спорта