Жарияланды: 610

Жаңақалада Кеңес Одағының Батыры Е.Орақбаевқа құрмет көрсетілді

Жаңақалада Кеңес Одағының Батыры Е.Орақбаевқа құрмет көрсетілді

Жаңақала ауданы Қызылоба ауылындағы Кеңес Одағының Батыры Есен Орақбаев атындағы орта мектеп алдына батыр мүсіні орнатылды.

Биыл туғанына тоқсан жыл толып отырған Е.Орақбаев Ұлы Отан соғысында қаһарман ерліктің үлгісін көрсетумен бірге бейбіт еңбек майданында да алда болды. Ұзақ жыл Жаңақала ауданындағы «Красногор» кеңшарын басқарып, абыройға бөленді. Мүсіннің ашылу рәсіміне аудан әкімі Лавр Хайретдинов, батырмен бірге қоян-қолтық жұмыс жасаған еңбек ардагері Әділғазы Нұрғалиев, Е.Орақбаевтың ұрпақтары қатысып, мұндай құрметтің маңызы зор екендігін атап көрсетті. Соңынан батырдың рухына арналып ас берілді. Сондай-ақ алдағы сенбіде Е.Орақбаевты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасында жарыс та өтпекші.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін