Жаңақорған: Астанадан мөрі басылып келген тест сұрақтары сынаққа дейін ашылған - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңақорған: Астанадан мөрі басылып келген тест сұрақтары сынаққа дейін ашылған

Жаңақорған: Астанадан мөрі басылып келген тест сұрақтары сынаққа дейін ашылған

Жаңақорғандағы соңы дауға ұласқан емтиханға жауаптылардың жазасын беру әзірге мүмкін болмай тұр. Тестің дайын жауаптары мұнда жетпей жатып-ақ талапайға түскені белгілі болды. Бүгін осы мәселеге орай жергілікті құзырлы орган басшылары мен облыс әкімінің орынбасары есеп берді. Айтуларынша, Астанадан мөрі басылып,таңбаланып келген қапшықтар сынаққа дейін ашылған. Мемлекеттік құпияны жария еткендермен Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысып жатыр. Ал Білім министрлігі болса, сол сәтте сынақ тапсырған оқушыларды емтиханға қайта кіргізуге дайындалуда.

  • 9 Маусым 2011
  • 592
Фото - Caravan.kz

Биылғы ұлттық бірыңғай тест жаңақорғандықтар үшін айғай-шумен басталды. Бұл өңір сынақ тапсырудың айла-амалы мен әдіс-тәсілін әбден меңгерген екен. Себебі:дайын жауаптардың қалай қолдан-қолға кетіп қалғандығын анықтау оңайға соқпады. Облыс көлеміндегі мамандардың өзі әбден қиналған соң,Астанадан арнайы сарапшы шақыртуға тура келген. Елордалық маман арнайы қапшықтың ауызы бүтін болғанымен,астынан тесіліп алынғанын анықтап берді. 

Мұрат Мұхамедов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:

— Қапшықтардың асты тілінгені анықталды және  желімделген қағаз  министрліктен келген  қағазға ұқсамайды; сарапшы осыны анықтады. Бәрі актіге жазылды. Сондықтан тест болған күні емес,тест болғанға дейін жасалынған дүние.

Осыдан кейін кімнің сынақты әділ тапсырып шыққандығын анықтау тіптен қиын. Сол үшін Білім министрлігі  бас қатырмастан, төртінші маусым күні тапсырған оқушылардың барлығы емтиханға «қайта кіреді»деп шешті.  


Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Білім және ғылым министрі:

— Халықпен сөйлестік,  ата-аналарға түсіндірдік. Осындай жағдай болды,  ренжімеңіздер,  10-ы күні тағы тапсырамыз, барлық жағдайды жасаймыз, көлік береміз, үйлерінен әкелеміз,- деп түсіндірдік.  Сондықтан тағы да бір мүмкіндік береміз.

Бұл іске облыс және аудандық білім басқармаларының еш қатысы жоқ көрінеді. Тек аймақтағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге тікелей жауапты комиссия басшыларынан жауап алу қиын болып тұр,әзірге. Дегенмен тергеу амалдары жалғасуда, ақ-қарасының айтылар күні әлі алда. 

Соңғы жаңалықтар