Жаңақорғанда 502 талапкер емтиханды қайта тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңақорғанда 502 талапкер емтиханды қайта тапсырды

Жаңақорғанда 502 талапкер емтиханды қайта тапсырды

Қызылорда облысында Бірыңғай ұлттық тестілеудің жауаптарын таратып, мемлекеттік құпияға қол сұққан адамдар әлі табылмады. Бүгін 502 талапкер емтиханды қайта тапсырды. Өйткені алғашқы сынақтың қорытындысын комиссия мойындамаған болатын.

  • 11 Маусым 2011
  • 472
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге сала кетсек, өткен жұмада Жаңақорғанда талапкерлердің 36-сы-125 балл, қалғандары 110 балдан асыра жинаған еді. Ақырында үш оқушыда алдын ала белгіленген тест жауаптары болғаны анықталды. Сөйтсе, Астанадан мөрі басылып, таңбаланып келген қапшықтар сынаққа дейін ашылып қойылыпты. Комиссия бірден сынақ қорытындысын жоққа шығарып, емтихан қайта тапсырылатын болып шешілген. Бірақ ата-аналар мұнымен келіспей, біраз шу шыққан еді; тіпті полициямен қақтығысып, теміржолды жабуға дейін барды. Ал бүгінгі емтихан өткендегідей емес, тыныш өтті.

Соңғы жаңалықтар