Жаңақорғандағы ҰБТ-ге қатысты қылмыстық іс қозғалды; 502 оқушы қайта емтихан тапсырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңақорғандағы ҰБТ-ге қатысты қылмыстық іс қозғалды; 502 оқушы қайта емтихан тапсырмақ

Жаңақорғандағы ҰБТ-ге қатысты қылмыстық іс қозғалды; 502 оқушы қайта емтихан тапсырмақ

Қызылорда облысында Ұлттық бірыңғай тесттің соңы қып-қызыл дауға айналды. Жаңақорған ауданында үш оқушы сынақ кезінде алдын ала белгіленген тест жауаптарымен ұсталған. Енді соның  салдарынан 502 бала емтиханды қайта тапсыруы тиіс. Оның үстіне сынақ қорытындысына тест орталығының мамандары мүлдем сенбей отыр. 502 оқушының 36-сы - 125, қалғаны - 110 балдан асыра жинапты. Бірақ білім басқармасының бұл шешіміне ата-аналардың да, оқушылардың да келіскісі жоқ. Кешеден бері тест орталығының алдына түнеп, тұшымды жауап ала алмаған олар бүгін теміржолды жауып тастады.

  • 7 Маусым 2011
  • 839
Фото - Caravan.kz

Аталы сөзге арсыздың ғана тоқтамайтыны айтылған. Бірақ бешпет-шалбары шыттай мырзаның бұл күнгі сөзі ескерусіз қалды. Елеп жатуға ешкімнің құлқы да, шамасы да жоқ. Ұлардай шулаған ел ұл-қызының еңбегі еш кеткенін естігенде айқайға басты. Ұлттық бірыңғай тесттің тосыннан тесіп шығатыны тағы бар. Жаңақорғандық жұрттың жаны осында. 502 бала сынақтан сүрінбепті, алды — 125, ең азы — 110 баллды еңсеріп кеткен. Нәтижені көріп,ес-ақылдан айрылған тест орталығы мамандары шым-шытырық оқиғаның неге ұласарын білмеді ме, әлде оқушылар осынша ақылды деп ойламады ма, әйтеуір нәтижені жарияламай,жамбастап жатыр Жауапты жалаң қол алып шықпақ болғандар қарыс қадам аттап үлгермеді. Әйтеуір тәртіп сақшылары баланы баладай, кәріні кәрідей қоғадай жапырды. Сөйтсек,басты себеп- сынақ үстінде тесттің дайын жауабып қарап шатылған үшеудің кесірі екен. Бірақ көпшілік үшеу үшін 502 талапкер емтиханды тағы тапсырсын дегенге келіспеді.

Фатима Қоңысова:

Жақсы оқитын балаларға зияны тиіп жатыр. Не деген бәле, оқыған көзі ашық, көкірегі ояу,қайда жүрсіңдер?! Егеменді ел болдық дейсіңдер, не деген сұмдық!

«Бел кеткенше, беріспейміз» деген ел, түн түндігін түргенде тест орталығының алдына жамбастап жатып алды; мыңға жуық адам ашық аспан астында бір түнді өткерді, осылай.


Нұрсұлу Омарова:

— Әкімшілік келеді, басқа сөйлейді, ауданнан басқа сөйлейді. Ең соңында Астананың компьютері «бұзылып қапты-мыс». Сөйтіп біздікін қабылдамай қалыпты.

Жанерке Бектаева, талапкер:

— Бізге «жауабы дайын емес» деп айтқан, кеше бірлерде дайын болады деген. Сағат 3-те шығып, «екінші рет тапсыратын болдыңдар, шпаргалка қолдандыңдар» деп  айтып отыр.

Тесттің жауабы жайлы жақ ашпаған орталыққа көпшілік қысастық қылмады. Бірақ темір жолмен жүйткіген отарбалар Жаңақорған деген жерде біраз аялдады, ашынған ата-аналардың арқасында.

Жаңақорғандағы жайтқа қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық іс қозғады. Осының негізінде кешегі тесттің қорытындысы «заңсыз» деп танылған. Енді 502 оқушы 10-шы маусымда қайта емтихан тапсырады. 

Соңғы жаңалықтар