Жарияланды: 300

Жаңажылдық мереке күндері Көліктегі ІІД-нің жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді

Жаңажылдық мереке күндері, яғни 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің жеке құрамы күшейтілген режімде жұмыс істейтін болады.

Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен мәлім етті. «Көлік сақшылары әуежайлар мен теміржол вокзалдарындағы тыныштықты күзетіп, қоғамдық тәртіпсіздік пен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызмет көрсету аумағында басқа да ауыр қылмыстардың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асырады», - деді Көліктегі ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Марат Жексенбеков. 30 желтоқсан мен 2 қаңтар күндері КІІ департаментінің әртүрлі қызмет салаларынан жасақталған жедел топтар құрылады. Әсіресе, Астана, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалаларда қауіпсіздік жіті бақыланып, қосымша күштер жұмылдырылатын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін