Жарияланды: 30

Жаңбыр, найзағай және бұршақ: жексенбіде ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, найзағай және бұршақ: жексенбіде ауа райы қандай болады?

Жексенбі Қазақстанның бес өңірінде қатты жел мен найзағайға байланысты дабылды ескерту жарияланды

. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың ықпалынан құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы sputniknews.kz-ке сілтеме жасап. 

Кей жерде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал. Тек батыста күн ашық болады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман күтіледі.

Өңірлерде ауа райы қандай болады

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с-ке жетіп, кей жерде найзағай ойнайды, бұршақ түсуі ықтимал, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл соғады.

Қостанай облысында желдің күші - 15-20, екпіні - 23 м/с, кей жерде найзағай, дауыл, тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар облысында жел 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с болады, кей жерде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерде найзағай, дауыл, жел күшейеді, бұршақ жауады деп күтілуде.

Ақтөбе облысында күндіз жел 17-22 м/с-ке дейін күшейеді, кей жерде бұршақ түсуі мүмкін, кей жерде найзағай, дауыл, тұман болжанып отыр.

Алматы облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 18-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде найзағай ойнайды, күндіз кей жерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, шаңды дауыл тұрады, Қызылорда облысында таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

Түркістан облысының кей жерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +8 +10, күндіз +18 +20 градус болады. Жел секундына 20 метрге дейін күшеюі ықтимал.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Түнде ауа температурасы +10 +12, күндіз +20 +22 градус болады.

Шымкентте күн алабұлтты, жаңбыр жаумайды, түнде +15+17, күндіз +26+28 градус



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін