Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады: жаңбыр жауады, оңтүстік бөлігінде найзағай ойнайды, екпінді жел болып, арты жаңбырға ұласады.
Республиканың солтүстік-шығысында ғана күн ашық болады.
Барлық өңірде тұман түседі, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы +10…+18C-тан +18…+26C-қа дейін құбылады.
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде +10…+17C-тан +15…+26 C-қа дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында +22…+32C-қа дейін көтеріледі.
Ірі қалалардағы ауа райы
Алматыда 12-13 сәуірде жаңбыр жауады, түнде +15…+16C, күндіз +21…+23C көрсетеді.
14 сәуірде күн бұлтты, түнде +15C, күндіз +21C.
Нұр-Сұлтанда 12 сәуірде күн бұлтты, түнде +2C, күндіз +14C көрсетеді. 13 сәуірде түнде +6C, күндіз +16C болады.
14 сәуірде күн ашық, түнде +6C, күндіз +20C көрсетеді.
Шымкентте 12 сәуірде күн бұлтты, түнде +16C, күндіз +24C болады.
13-14 сәуірде күн ашық, түнде +14C, күндіз +25…+27C көрсетеді.