29 жастағы боксшымыз өзінен 8 жас үлкен бұрынғы әлем чемпионы Хассан Н’Дам Н’Жикамға (38-5-0, 21 KO) қарсы шығады.
Айта кетері, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін маусым айында өткізіп, америкалық Роб Брантты (26-3-0, 18 KO) жеңді. Ал француз Н’Жикам шілде айында венгр Габор Горбичтен басым түскен.