Жәнібек Кәрібжанов президентті мәжілістің заң шығарушылық жұмысы жөнінде хабардар етті
Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжановты қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Кездесу барысында Ж.Кәрібжанов президентті мәжілістің заң шығарушылық жұмысы жөнінде хабардар етті. Атап айтқанда әңгіме жаңа салық және бюджет кодекстері туралы болды.
"2009-2010 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бүгін біз "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдадық", - деді мәжіліс төрағасының орынбасары журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін