Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл өнер додасының ұйымдастырушыларынан Жәнібек Жетіруовтың «Аққыз» фильміне шақырту келіп отыр. Қазақстандық режиссер сондай-ақ, Азияның үздік 4 режиссерінің қатарында 30 қыркүйектен 6 қазанға дейін қысқа метражды фильм түсіруге таңдап алынған. Ол осы аралықта өз сценарийімен Италияның атақты артистерін қатыстыра отырып, арнайы фильм жасауы тиіс. Бұл туынды кинофеститваль кезінде өнер сүйер қауымның назарына ұсынылмақ.
«Биыл «Аққыз» Үндістанның Нью-Дели қаласында дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «Үнді, Азия және Араб кинофестиваліне» қатысты. Шілденің 27-сі мен тамыздың 5-і аралығында өткен бұл бәсекеде ол Қазақстан атынан қатысқан тұңғыш фильм болды. Енді Италиядан бөлек 15-20 қазанда Түркияның Анкара қаласында болатын 48-інші «Алтын апельсин» кинофестивалінде де көрсетілмек», — дейді Ж. Жетіруов. Оның айтуынша, «Аққыз» биыл Түркиядағы «Алтын апелсиньге» шақырту алған қазақстандық 3 фильмнің бірі болмақ. Онда бұдан бөлек Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» және Актан Арым Кубаттың «Жұмақ аналар үшін» фильмі де қатыспақ.