Жанқош Тұраровтың үздік боксшылардың бірімен жекпе-жегі өтпейтін болды: Спортшы жарақаттанғанын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанқош Тұраровтың үздік боксшылардың бірімен жекпе-жегі өтпейтін болды: Спортшы жарақаттанғанын мәлімдеді

Жанқош Тұраровтың үздік боксшылардың бірімен жекпе-жегі өтпейтін болды: Спортшы жарақаттанғанын мәлімдеді

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен бір кардта өнер көрсететін Жанқош Тұраровтың алдағы жекпе-жегі өтпейтін болды.

  • 24 Қыркүйек
  • 14
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

WBA тұжырымы бойынша ең үздік 10 боксшының қатарында тұрған Жанқош Тұраровтың алдағы жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы 28 қыркүйек күні AllStarsBoxing кешінде 16 жекпе-жегін нокаутпен жеңген Хесус Пинтоға қарсы жұдырықтасуы тиіс еді. Бірақ боксшы жарақат алып қалғанын Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Ассалаумағалейкүм, достар! 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім жаттығу кезінде оң иығымнан жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды. Қай уақытта болатынын алдағы күндері хабарлаймын», — деді Тұраров.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров шаршы алаңда 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен боксшы. Ол соңғы жекпе-жегінде  жапондық Ахикиро Конданы төрешілер шешімімен ұтып, WBA Gold титулын жеңіп алған болатын.