Ж.Жұмалиева өткен жылы әуелі Оралда, содан кейін Алматыда еліміздің ең әдемі аруы атанған болатын. Ол қазір 24 жаста. Оралда туып-өскен ол Мәскеуден жоғары оқу орнын бітірген. Париждік Natalie agency агенттігінің модельері Париждегі және Мәскеудегі сән апталықтарына қатысқан. Қазақстан аруы қайырымдылық шараларына да белсене араласып келеді.