"Жәннатқа кірген мұсылманға ең төменгі дәрежеде 2 хор қызы беріледі" - Мұхамеджан Тазабек - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жәннатқа кірген мұсылманға ең төменгі дәрежеде 2 хор қызы беріледі" - Мұхамеджан Тазабек

"Жәннатқа кірген мұсылманға ең төменгі дәрежеде 2 хор қызы беріледі" - Мұхамеджан Тазабек

Айтыскер ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек жәннаттағы хор қыздары туралы айтты.

  • 23 Мамыр
  • 12794
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Исламның негізгі кітаптарында, негізгі білімдерінде айтылғаннан кейін иманның алты шарты бар. Соның бірі оның кітаптарына сену. Егер кітаптарына сенсек, сол ішінде бар деп тұр. Адамда қандай көркем сипаттар бар соның барлығы хор қыздары сондай болатыны жазылған. Хадистерге келсе, ең төменгі дәрежеде, жәннатқа кірген мұсылманға 2 хор қызы беріледі дейді. Солай жазылған», — деді Мұхамеджан Тазабек.

Журналист одан жәннатқа кірген әйел адамға не кіретінін сұрап, оның да жауабын алды.

«Алланың рахымы сондай әйел адам да риза болатын, әйел адамның толық рахатын қанағаттандыратын нәрсені Алланың өзі реттеп береді. Күйеуі қайтыс болған жесір әйел мүмкін жәннатқа кіретін шығар. Немесе бірнеше әйелі бар жігіттің әйелі кіретін шығар. Оның мәселесін Алланың өзі шешіп береді. Негізгі, ең ұлы әділдік ол — Алланың алдында болған кезде болады», — деді ол.