Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің кезекті кездесуін 26 мамыр күні Флоридада өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы мексикалық Норберто Гонсалес болмақ. Ол кәсіпқой бокстағы 31 кездесу өткізіп, 23 кездесуде жеңіске жетсе, 8 кездесуде жеңіліп қалған.
Осы бокс кешінде шаршы алаңға Жанқош Тұраров та шығады. Қазір бұл кездесуге отандасымыз дайындықтарын өткізіп жатыр. Бірақ Тұраровтың қарсыласы кім болатынын әлі белгісіз болып тұр.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров кәсіпқой бокста 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Өзнің соңғы кездесуін ол 29 қазан күні «Алматы Арена» спорт кешенінде ганалық Исаак Аримен кездесіп, жеңіске жеткен еді.