Жансая Әбдімәлік әлем чемпионатында көш бастауда - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жансая Әбдімәлік әлем чемпионатында көш бастауда

Жансая Әбдімәлік әлем чемпионатында көш бастауда

Қазақстандық Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында сенімді көш бастауда, деп хабарлады Vesti.kz.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 561
Фото - Caravan.kz

РФ Ханты-Мансийскіде өтіп жатқан әлем біріншілігіндегі жеті турдан кейін Жансая  жеті ұпаймен турнир кестесінің басында келеді. Әбдімәлік басым түскен соңғы шахматшы — азербайжандық Гунай Маммадзаде. Осы жеңісінен кейін отандық шахматшы басқа көшбасшылардан едәуір озып кетті. Оның соңынан алға шыққандар ішінде  Қазақстанның тағы бір шахматшысы — Динара Сәдуақасова келе жатқанын атап өткен жөн. Ол аралық нәтиже бойынша бес жарым ұпаймен үшінші орында.

Турнирге 40 елден 106 үздік шахматшылар қатысып жатыр.