Жансая Әбдімәлік Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жансая Әбдімәлік Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Жансая Әбдімәлік Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Қазақтан шыққан ең жас шахматшы Жансая Әбдімәлік Гиннестің рекордттар кітабына енуі мүмкін. Бүгін Алматыда үш дүркін әлем чемпионы атанып үлгерген жас өрен журналистермен кездесті.

  • 13 Шiлде 2011
  • 631
Фото - Caravan.kz

11 жасқа дейін қоржынына 19 алтын, бір күміс, бір қола салған ол енді әлемнің ең жас гроссмейстері ретінде рекорд жаңартуды жоспарлап отыр. Әзірге бұл орында 15 жасында гроссмейстер атанған венгриялық Юдит Полгар тұр. Ал  Жансая соңғы рет Индонезияда өткен 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы сайыста жеңіп,  халықаралық спорт шебері атағын иеленіп келді. Осы уақытқа дейін шахматшы қыз қаржылық жағынан қиындықтар көріп жүрген. Бүгін бұл мәселе де шешілді. Еліміздегі жоғарғы оқу орындарының бірі жарыстарға барып келу шығындарынкөтермек.


Алма Әшірова
, Жансаяның анасы:

— Соңғы жарты жылда Жансаяның деңгейі өте жақсы көтерілді. 11-12  жастағы қыздай емес. Бірақ гроссмейстер болу үшін  екі-үш   турнирден өту керек.

Соңғы жаңалықтар