Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
«Біз әкемнің әпкесін ақтық сапарға шығарып салдық. Ол кісі біздің Жаңажол ауылына жерленіп, Макинскіде ас берілетін болды. Әкем басқа туыстарымызмен бірге сонда жол тартты, – дейді Бұлғым. – Жолда әлгі апатқа куә болған. Көліктер кептеліп қалыпты. Әкем жүргізуші-туысымызбен бірге көмектесуге шығады. Әкем көліктен «монтировканы» алған. Алдымен баланы сыртқа шығарады да, оны сол жерден өтіп бара жатқан басқа ер адамға тапсырады. Ал содан кейін көліктің артқы терезесін сындырып, шала жансар жатқан әйел жолаушылардың қауіпсіздік белдігін ағытады. Біреуін жартылай сыртқа шығарған. Сол мезетте біреу «Қаш» деп айқайлайды, әкем үлгермеген».
Марқұмның қызы әкесінің келуін көп күткендерін айтады.
«Анам дәмханадағы құдайы тамақта болған, бәрі келген, ал әкем жоқ. Бәріміз оның телефонына қоңырау шалдық, ешкім жауап бермеді, содан кейін қайғылы қазаны естідік», — деп еске алды Құмарбек Жакетайдың қызы.
Бұлғым әкесі еңбекқор әрі байсалды жан болғанын айтады. Өмір бойы ауылда еңбек етіпті.
«Иә, мен әкем ерлік жасады деп есептеймін, кез келген адам өзін құрбан етпейді», — деп түйіндеді ол.
Құмарбек Жакетайдың артында зайыбы, үш баласы мен немерелері қалды.
Естеріңізге салсақ, өткен жексенбіде Астана-Бурабай тас жолында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды. Соның салдарынан төрт адам қаза тауып, бірнешеуі жараланды. Зардап шеккендердің арасында 3 жасар сәби де бар.