"Жанымыз егіз": Ерке Есмахан сүйіктісі туралы жантебірентерлік жазба жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жанымыз егіз": Ерке Есмахан сүйіктісі туралы жантебірентерлік жазба жариялады

"Жанымыз егіз": Ерке Есмахан сүйіктісі туралы жантебірентерлік жазба жариялады

Көпшіліктен сүйіктісін жасырған Ерке Есмахан күні кеше көңіл қосқан ер азаматының Райымбек Бақтыгереев екенін айтты.

  • 18 Қаңтар 2023
  • 3152
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі ғашығына ерекше алғысын білдірді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазған болатын.

“Қазақ ер азаматтың басын алтынға теңеп, ерекше құрметтейді. Әр қазақ отбасындағы тәрбие сондай. Үлкен болсын, кіші болсын, ер адамды сыйлайды. Мен де дәл бүгін “жүрегімнің иесіне” ризашылығымды білдіргім келіп тұр. Мен үшін, біз үшін, біздің махаббатымыз, болашағымыз үшін әлемге қарсы тұрып, өз қазағымыздан мені қорғап, "өсек, хайп" атты майданда жүр Райымбек батыр… Батыр атына лайық жігітім иманымен, ержүрек шыншылдығымен, қарапайымдылығымен, риясыз мені сүйе алатын ақынжанды болмысымен ерекше. Тым тұйық болса да, мен жан сырын өте жақсы түсінем. Жанымыз егіз”, – деп жазды Ерке Есмахан.


Әнші жеке өмір туралы әңгіме қылған көпшіліктің сөзіне еш мән бермейтінін де жеткізді.

“Менің арқасүйерім тек қошеметке, құрметке лайық, мақтауға тұрарлық адам! Ал мен қасындамын, алтын басын төрге шығарам. Тыңдарман, оқырман! Артық сөздің бәрі қажет емес. Махаббат ұлы күш! Әлемді құтқарады! Әр қазақ қызына Райымбектей нағыз жігіт бұйырсын. Жалғыздық бір Аллаға жарасады. Баршаңызға тек жақсылық тіледім", – делінген жазбада.

Соңғы жаңалықтар