«Жапон көктемі» өнер фестиваліне қазақстандық сахна шеберлері қатысады - бағдарлама - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жапон көктемі» өнер фестиваліне қазақстандық сахна шеберлері қатысады - бағдарлама

«Жапон көктемі» өнер фестиваліне қазақстандық сахна шеберлері қатысады - бағдарлама

Астанада 10-11 сәуір күндері «Жапон көктемі» өнер фестивалі өтеді, оның ауқымында Күншығыс елінің танымал джаз триосы Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетеді, деп хабарлады фестивальдің баспасөз қызметі.

  • 10 Сәуiр 2013
  • 507
Фото - Caravan.kz

Оның құрамында Нью-Йорктің танымал джаз пианисі Аяко Ширасаки бар. Жапонияда дүниеге келген ол Нью-Йоркте орнығып, өзінің «Сакура» деп аталатын музыкалық мектебін ашты.

Биылғы маусымда ұйымдастырушылар фестиваль ауқымын кеңейтіп, оған қазақстандық сахна шеберлерін де шақырды. 11 сәуірде белгілі пианистер Тимур Орманшиев пен Арман Тілеубергенов, елордалық операның жетекші әншісі Сүндет Байғожин, алматылық опера театрынан сопрано Жұпар Ғабдуллина, виолончелист Ермек Құрманаев, танымал скрипкашы Асқар Дүйсенбаев, органшы Салтанат Әбілханова және кларнетте Дамир Бүркітбаев өнер көрсетеді. Бағдарламада еуропалық, қазақстандық және, әрине, жапондық авторлардың шығармалары бар.

Жоба білім беру мақсатын да көздейді — 9 сәуірде музыканттар Қазақ ұлттық өнер университетінде студенттермен өздерінің тәжірибесімен және шеберліктермен бөлісті.

«Жапон көктемі» қайырымдылық фестивалін «Дегдар» гуманитарлық қоры мен Japan Tobacco International (JTI) компаниясы ұйымдастырып отыр.

2011 жылы басталған фестиваль көрермендердің зор ықыласын туғызды. Алматы мен Астанада өткен «Жапон көктемі» және «Жапон күзі» фестиальдарына 4 мыңнан астам қазақстандық көрермен қатысты.

«Жапон көктемі» фестивалінің бағдарламасы

10 сәуір (сәрсенбі), 19.00

Аяко Ширасакидің джаз концерті, трио (Жапония)

Өтетін жері: Astana MusicHall (Астана қ., Б.Момышұлы даңғылы,1)

11 сәуір (бейсенбі), 18.30

Классикалық музыка концерті, оған пианистер Тимур Орманшиев пен Арман Тілеубергенов, елордалық операның жетекші әншісі Сүндет Байғожин, алматылық опера театрынан сопрано Жұпар Ғабдуллина, виолончелист Ермек Құрманаев, органшы Салтанат Әбілханова және кларнетте Дамир Бүркітбаев қатысады.

Өтетін жері: ұлттық өнер университетінің орган залы.

Перейти к новостям спорта