Жапон теңізіне қытай кемесі батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапон теңізіне қытай кемесі батып кетті

Жапон теңізіне қытай кемесі батып кетті

Жапон теңізі акваториясында Қытайдың балық аулау кемесінің апатқа ұшырауынан тоғыз адам із-түссіз жоғалып кеткен.

  • 1 Қазан 2014
  • 588
Фото - Caravan.kz


Тек бес балықшы аман қалды. Бұл туралы Жапон теңізінің жағалау күзеті қызметкерлері хабарлады.

Оқиға өткен түні Жапония аралдарының бірі Оки аралынан шамамен 390 шақырым жерде болған. Әзірге ҚХР жалауын желбіреткен су көлігінің апатқа ұшырау себептері белгісіз. Жапондық шекарашылар апат маңайынан жоғалып кеткендерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.