Жарияланды: 500

Жапондық ғалымдар 2-2,5 мың адам тасымалдай алатын керемет пойыз ойлап тапты

Токио университетінің ғалымдары керемет пойыз ойлап тапты.

«Eco Ride деп аталатын бұл техника американдық аттракциондарға ұқсатып жасалған. Көлік айналымға енсе ең тиімді техникалардың біріне айналмақ»,- дейді жоба жетекшісі Йосхиро Суда. Тиімді болатын себебі де бар. Өйткені поезда қозғалтқыш және тағы біраз бөлшектер жоқ. Сондықтан оның бағасы төмен, салмағы жеңіл. Мамандардың есептеуінше, Eco Ride автобустан қарағанда үш есе, кәдімгі поездан екі есе күшті аз жұмсайды екен. Ал, ең тиімдісі, жаңа қоғамдық көлікке арнайы жер сатып алып, жол салудың қажеті жоқ. Керекті шойынжолды автокөлік жолдарының және жаяу жүргіншілер жолының үстінен-ақ салуға болады. Eco Ride сағатына 20-30 шақырым жылдамдықпен 2-2,5 мың адамды тасымалдай алады. Бірақ, табиғи таза көліктің бағасы да арзан емес. Өзін айтпағанда, оның бір шақырымдық жолын салу үшін 20 миллион АҚШ доллары қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін