Жапондықтар жасаған тағы бір робот әлемді таңғалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапондықтар жасаған тағы бір робот әлемді таңғалдырды

Жапондықтар жасаған тағы бір робот әлемді таңғалдырды

Токиодағы жергілікті дүкендердің бірінде әйел кейпінде жасалған құлтемір халыққа қызмет көрсетуде. Ол тұтынушыларды есіктен қарсы алып, қажетті мәліметтер береді. Керек десеңіз, ән де айтып береді, деп жазады 24.kz.

  • 21 Сәуiр 2015
  • 570
Фото - Caravan.kz


Аико Чихира атты робот өз міндетін жақсы біледі. Тұтынушыларға қажетті мәліметтер ұсынып, алғашқы жұмыс күніне кірісіп те кеткен.

Toshiba компаниясының инженерлері бұл ерекше құлтемірді сатып алушыларға қызмет көрсету үшін арнайы ойлап шығарған. Аико Чихира әзірге тек жапон тілінде сөйлейді. Алайда мамандар болашақта саяхатшыларға да түсінікті болу үшін оны басқа да тілдерде сөйлейтінін айтып отыр.