Жапония премьер-министрі Қазақстанға не үшін келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапония премьер-министрі Қазақстанға не үшін келе жатыр

Жапония премьер-министрі Қазақстанға не үшін келе жатыр

Астанада "Орталық Азия + Жапония" диалогының бірінші саммиті өтеді

  • 8 Тамыз
  • 12
© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өту

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.

9 тамызда Астана қаласында «Орталық Азия + Жапония» диалогының бірінші саммиті өтеді.

10 тамыз күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.