Жапония Батыс Африкаға Эбола вирусы эпидемиясымен күресу үшін дәрігерлер жібереді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапония Батыс Африкаға Эбола вирусы эпидемиясымен күресу үшін дәрігерлер жібереді

Жапония Батыс Африкаға Эбола вирусы эпидемиясымен күресу үшін дәрігерлер жібереді

Жапония үкіметі Батыс Африка еліне Эбола вирусы эпидемиясымен күресу үшін 23 адамнан тұратын дәрігерлер тобын жіберуге ниетті, деп хабарлады елдің СІМ басшысы Фумио Кисида. Қазіргі уақытта ол Нью-Йоркте БҰҰ түрлі шараларына қатысуда.

  • 24 Қыркүйек 2014
  • 299
Фото - Caravan.kz

Қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының желісі бойынша Батыс Африка елінде Эбола вирусы эпидемиясымен күреске 4 жапондық дәрігер тартылды. Бұл мақсатқа Токио 5 млн. доллар бөлді, әрі бұл соманы ұлғайтуды жоспарлауда.

Бұдан басқа, Жапонияда екі жекеменшік фармацевтикалық компания эпидемияның таралуына кедергі келтіретін препарат әзірлеген. Алайда ол әзірге жеткілікті клиникалық сынақтан өткен жоқ.