Дүйсенбі жария етілген министрлер кабинетінің баяндамасында жазылғандай, шілде-қыркүйек айларында ІЖӨ бұрын күтілгендей 0,2% емес, 0,8%-ға төмендеді.
Екінші тоқсанда ішкі жалпы өнім 0,7%-ға қысқарды. Үшінші тоқсанда ІЖӨ-нің 60% құрайтын ішкі тұтынушылық сұраныс 0,5% өсті.
Сарапшылар ағымдағы тоқсанда экономикалық көрсеткіштердің өсімін күтіп отыр. Алайда төменгі көрсеткіштер салдарынан Жапония билігі экономиканы ынталандыру мақсатында қосымша шараларды қабылдауы мүмкін.