Жапония императоры ҚР елшісімен кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапония императоры ҚР елшісімен кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады

Жапония императоры ҚР елшісімен кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады

Жапония билеушісі Акихито Қазақстан Республикасының Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі Тілеухан Қабдырахмановты осы елдегі дипломатиялық өкілеттілігінің аяқталуына байланысты қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 26 Тамыз 2003
  • 824
Фото - Caravan.kz

Екеуара әңгіме барысында Жапония императоры екі ел арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалай отырып, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына зор ілтипатпен сәлем жолдады. Император Акихито Қазақстан Республикасының Жапониядағы тұңғыш төтенше және өкілетті елшісі болған Тілеухан Қабдырахмановқа елшілік миссиясы үшін ризашылық білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстандық елші Жапония мен Қазақстан арасындағы парламенттік достық лигасының төрағасы, осы елдің бұрынғы үкімет басшысы Рютаро Хашимотомен және тағы бір экс-премьер Цутому Хатамен кездесті. Кездесу барысында Жапондық парламентшілер екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму қарқыны мен өзара ынтымақтастық саласындағы оңды нәтижелерді жоғары бағалады.
Сондай-ақ, Жапония парламентінің кеңесшілері палатасының спикері Хироюки Курата мен Жапония сыртқы істер министрі Йорико Кавагучи Қазақстан Республикасының Жапониядағы елшісінің атына дипломатиялық өкілеттілігінің аяқталуына байланысты ризашылық білдіріп хат жолдады. Жапония сыртқы саясат ведомствосы басшысының хатында атап көрсетілгеніндей, Қазақстан президентінің 1999-жылғы желтоқсан айында Жапонияға жасаған ресми сапары барысында екі мемлекет басшысының ортақ мәлімдемесінде өзара «стратегиялық әріптестікті» нығайтуға ниет білдірілуі екі ел үшін тарихи оқиға болды. Жапония сыртқы істер министрі сондай-ақ, ҚР-ның Жапониядағы тұңғыш төтенше және өкілетті елшісіне ризашылық білдірді.

Соңғы жаңалықтар