Жапония өкіметі атом стансаларына цунамиден келетін қауіпті жете бағаламаған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапония өкіметі атом стансаларына цунамиден келетін қауіпті жете бағаламаған

Жапония өкіметі атом стансаларына цунамиден келетін қауіпті жете бағаламаған

Жапон өкіметі атом-электр стансаларына цунамиден келетін қауіп-қатерді жете бағаламаған.

  • 1 Маусым 2011
  • 459
Фото - Caravan.kz

Жапонияда сапармен жүрген МАГАТЭ мамандары осындай түйінге келіп отыр, деп хабарлады Росбалт агенттігі «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

«11 наурыздағы жойқын зілзаладан кейін болған цунамидің кейбір нысандарға қатысты қауіп-қатері жете бағаланбаған»,- деп атап көрсетеді МАГАТЭ мамандары өз баяндамаларында. Олардың пікірінше, «Фукусима-1» стансасындағы оқиға, атом стансаларының төтенше жағдайларға үн қатудың арнаулы «күшейтілген» орталықтарына мұқтаждығын көрсетіп отыр.

Оған қоса, сарапшылар атом-электр стансаларының тәуекелдерін лайықты бағалауға және олардың қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге шақырды.

«Ядролық стансаларды жобалаушылар мен операторлар табиғи апат тәуекелдерінен қорғанысты лайықты бағалап, қамтамасыз етулері керек», — делінген баяндамада.

Естеріңізге сала кетейік, табиғат апатынан келген шығынды ел үкіметі 25 триллион иенге бағалап отыр (308 миллиард доллар). Оған қоса, «Фукусима» АЭС-ндегі апаттан келген шығын 11 триллион иенді (133 миллиард доллар) шамалаған.

Соңғы жаңалықтар