Жапония Премьер-Министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапония Премьер-Министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

Жапония Премьер-Министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

27 қазанда Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің Қазақстанға келетін ресми сапары аясында

  • 23 Қазан 2015
  • 392
Фото - Caravan.kz

Астанада қазақстандық-жапондық бизнес-форум өткізу жоспарланған, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен, деп жазады primeminister.kz.

«Форумға Жапония тарапынан 100-ден астам компания қатысады деп көзделген. Ол экономика, автомобиль құрылысы, авиация және ғарыш, электроника, химиялық өнеркәсіп, қаржы және жылжымайтын мүлік, экспедициялау және жүк тасымалдау, азық-түлік саласы, денсаулық ақтау және т.б салалардағы компаниялар», — делінген хабарламада.


Ведомстводан хабарлағандай, бизнес-форумның іскерлік бағдарламасында жапониялық компаниялармен кездесулер өткізу, экономикалық сипаттағы бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.

Сондай-ақ форум кезінде қазақстандық-жапониялық инвестициялық жобалардың көрмесін өткізу межеленген.

Соңғы жаңалықтар