сондықтан саясаткердің мемлекеттік сапары 2015 жылғы күзге немесе одан кейінгі мерзімге шегеріледі, деп хабарлады Би-би-си.
Басылым деректеріне сүйенсек, Вашингтон украиндық дағдарысқа орай Батыс пен Мәскеу арасындағы қатынастардың ушығуына байланысты Токиодан Путиннің сапарын кейінге ауыстыруды өтінген. Сонымен бірге Абэ мен Путин қарашада өтетін АТЭС саммитінің аясында келіссөздер жүргізуге ниетті.
Жапония таяу уақытта ЕО мен АҚШ-тың ізімен Ресейге қарсы жаңа санкция енгізуі мүмкін.
Абэ 2013 жылғы сәуірде Путинге Жапонияға келуін ұсынған. Тоғыз айдан кейін ресейлік СІМ басшысы Сергей Лавров шақыртудың қабылданғанын растады.