Жапония Қазақстан мұнайын SWAP схемасы бойынша сатып алу мүмкіндіктерін жоққа шығармайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапония Қазақстан мұнайын SWAP схемасы бойынша сатып алу мүмкіндіктерін жоққа шығармайды

Жапония Қазақстан мұнайын SWAP схемасы бойынша сатып алу мүмкіндіктерін жоққа шығармайды

Жапония Қазақстан мұнайын SWAP схемасы бойынша сатып алу мүмкіндіктерін жоққа шығармайды. Бұл туралы бүгін, 16-наурызда Алматыда KZ-today тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасындағы Жапония елшісі Тосио Цунодзаки хабарлады.

  • 16 Наурыз 2005
  • 532
Фото - Caravan.kz

Қазір Жапонияның Inpex Masela Ltd. компаниясы Каспий теңізіндегі Қашаған кенішін игеру жобасына атсалысуда. Inpex акциялар қоржынының 8 процентіне иелік етеді. Т.Цунодзакидің айтуынша, «компания Қашаған жобасындағы үлесін ұлғайтуды көздеп отырған жоқ». Алайда, ол Жапонияның мұнай компаниялары Каспий теңізіндегі басқа кеніштерді игеруге атсалысудан мүдделі деп атап өтті. «Әзірге бұл бағытта ресми келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ»,- деді ол.

Елшінің айтуынша, 2004-жылы Жапониялық компаниялар 1 млн. баррельге жуық Қазақстан мұнайын импорттады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қашаған кенішін игеру жобасының операторы болып табылатын Agip KCO консорциумына BG Group, Exxon Mobil, Inpex Masela Ltd., Phillips, Shell және TotalFinaElf компаниялары біріккен. Қашаған кенішіндегі алғашқы мұнай Восток-1 ұңғысында 2000-жылдың жазында табылды. Кеніштегі дәлелденген мұнай қоры 11 млрд. баррельді (1,5 млрд. тонна) құрайды. Agip KCO Қашаған кенішінде өнеркәсіптік мұнай өндіре бастау мерзімін 2007-жылға межелеп отыр.

Перейти к новостям спорта