«Дзюнъитиро Коидзумидің алдағы сапары Жапония жағының Қазақстандағы сыртқы саяси бастамаларды қолдайтынын және демократияландыру мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары бағалайтынын дәлелдей түседі»,- деді Е.Ашықбаев.
СІМ өкілінің пікірінше, «бұл сапар 1999-жылғы 6-желтоқсандағы бірлескен декларацияға сәйкес екі жақты стратегиялық әріптестікті іске асыру мен «Орталық Азия+Жапония» диалогын дамытуда маңызды бір кезең болып табылады».